Степногорск қаласының білім бөлімінің" Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы " мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Школа – гимназия № 6 имени Абая Кунанбаева» отдела образования города Степногорск

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26.01.2026 жылғы бос жұмыс орындары

"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы" КММ келесі бос педагог лауазымдарына конкурс жариялайды:
1. Оқыту тілі орыс тілі болатын информатика пәнінің мұғалімі – 1 штаттық бірлік
2. Оқыту тілі орыс тілі болатын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 1 штаттық бірлік
3. Кәсіби бағдар беруші – 1 штаттық бірлік
4. Аға тәлімгер – 1 штаттық бірлік
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларына» сәйкес өткізіледі.
 
Конкурстың өткізілу мерзімі мен орны:
"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы" КММ (Степногорск қ., 5-шағынаудан, 1-ғимарат) конкурс жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға құжаттар қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға осы Қағидалардың 113 және 114-тармақтарына сәйкес құжаттарды хабарландыруда көрсетілген мерзімде электрондық немесе қағаз түрінде тапсырады.
 
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны:
Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің «Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы» КММ бос лауазымдарға орналасуға арналған құжаттарды 2026 жылғы 26 қаңтардан 2026 жылғы 4 ақпанға дейін қабылдайды.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 5-шағынаудан, 1-ғимарат.
 
Байланыс үшін электрондық пошта: shgimnazia6@yandex.kz 
 
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде осы Қағидалардың 113, 114-тармақшаларына сәйкес құжаттарды НОБД платформасы арқылы электрондық форматта жолдайды.

Текст