«Қазақ тілі –бабамның тілі, баламның тілі!» атты онлайн бейнероликтер байқауының
ЕРЕЖЕСІ
 
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы 2020 жылдың 13 тамызынан бастап 2020 жылғы 1 қарашаға дейін  «Қазақ тілі –бабамның тілі, баламның тілі!» атты онлайн бейнероликтер байқауын жариялайды.
Байқаудың шарттары:
	- Қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелейтін, қоғамның кез-келген орнында қазақ тілінде сөйлеуді насихаттайтын, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қызметін нығайтатын бейнеролик түсіру.
 
	- Байқауға Ақмола облысының кез-келген тұрғыны жас ерекшелігіне қарамастан қатыса алады. Жұмыс жеке және ұжымдық болуы мүмкін.
 
	- Бейнероликтің ұзақтығы – 3 минуттан аспауы тиіс.
 
	- Қазылар алқасы бейнероликтерді бағалау кезінде:
	- бейнероликтің байқау тақырыбына сәйкестігі; 
- бірегейлігі;
- дыбыстық сүйемелдеудің болуы, бейне әсерлері;
- жалпы эмоциялық қабылдау
-бейнероликтің техникалық сапасына мән береді.
	- Байқауға қатысушы жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына осы жұмысты конкурсқа жіберген автор (қатысушылар ұжымы) жауапты болады.
 
	- Өз жұмысын байқауға жолдаған автор (қатысушылар ұжымы) конкурсты ұйымдастырушыларға жіберілген материалдарды (Интернет желісіне, телебағдарламаларға орналастыру және т.б.) пайдалануға автоматты түрде құқық береді.
 
	- Қатысушылар материалды uvp@aqmola.gov.kzэлектрондық поштасына немесе 8775 550 98 68 whatsapp нөміріне (толық аты жөнін, тұрғылықты жерін, байланыс телефонын) көрсетіп, жолдаулары қажет.
 
	- Байқау жеңімпаздары диплом, алғыс хат жәнебағалы сыйлықтармен марапатталады.