Текст
Дүйсенбі 18 қазан күні ПО бойынша директордың орынбасары Шайрестанова Г.Т. 5 «А» сыныбында Қазақстан тарихы сабағына қатысты. Тарих пәнінің мұғалімі Гүлбарам Кажитаевна «Ежелгі адамдардың өміріне саяхат» тақырыбында өткен сабақты «Суреттер сөйлейді» әдісімен бастады. Сабақта тағы сұрақ-жауап, оқиғалар тізбегі, кестемен жұмыс сияқты әдіс-тәсілдер қолданды. Балалар суреттерді негізге ала отырып, ерте заманда пайдаланған ыдыстарды (қыш құмыра) ермексаздың көмегімен жасап шығарды. Сабақ «Не білдік?» деген сұрақтың төңірегінде қорытындыланды.
Сабақ барысында оқушылардың ББД орташа деңгейде, сабаққа қатысу белсенділігі жақсы екендігі байқалды.