Педагогикалық кеңестегі баяндама: І жартыжылдықтағы мектеп психологының жұмысының қорытындысы
Мектепте педагогикалық кеңес өтіп, онда мектептің педагог-психологы Гульнар Жұмабайқызы оқу жылының бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Өз сөзінде психолог оқушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтау, оқу барысында туындайтын қиындықтардың алдын алу және мектеп ұжымында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың нәтижелерін баяндады.
Жартыжылдық барысында әртүрлі жас ерекшелігіндегі оқушылармен диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Психологиялық зерттеулер оқушылардың бейімделу деңгейін, балалардың эмоционалдық жағдайын анықтауға, сондай-ақ оқу мен қарым-қатынаста кездесетін қиындықтарды айқындауға мүмкіндік берді. Диагностика нәтижелері бойынша мұғалімдер мен ата-аналарға тиісті ұсыныстар берілді.