Қазақстан Республикасы күні мен Қамқоршы күнін мерекелеу
Қазақстан Республикасы күні мен Қамқоршы күнін мерекелеу қарсаңында Абай Құнанбаев атындағы #6 мектеп-гимназиясында салтанатты іс-шара өткізілді. Шақырылғандардың қатарында әртүрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршылары болды.
Қамқоршыларға жанның мейірімділігі, балаларға деген жауапкершілігі мен қамқорлығы үшін алғыс сөздерімен мектеп директоры міндетін атқарушы Н.А. Аяған сөз сөйлеп, және жанашыр әрі жауапкершілігі мол Ханникова И.В дайындаған білім беру бөлімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етті.