"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2021»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2021»

 

Республикалық білім саласы қызметкерлерінің байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

 

ЖАЛПЫ ПЕДАГОГТАР ҚАУЫМЫНА!

 

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы Республикадағы барлық білім беру мекемелерінде (балабақша, мектеп, колледж, институт, университет, т.б.) қызмет ететін педагогтар қауымын ынталандырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің артуына өз үлесін қосу және білім саласында көптеген жылдар бойы қажырлы еңбек еткен ардагер ұстаздарды анықтап, оларды көтермелеу мақсатында Республикалық «ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2021» атты байқауын ұйымдастыруда. Байқауға білім саласында кемінде 5 жыл қызметтік өтілі бар мұғалімдер (тәрбиешілер, оқытушылар, т.б.) қатыса алады.

 

Конкурстың нәтижесін арнайы жасақталған комиссия құрамы анықтап, үздік деп танылғандарға «Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының» ) «Мәртебелі маман» , «Әл-Фараби» , «Құрмет» , «Білім беру ісінің майталманы» төсбелгісі (медаль) және арнайы куәлік, диплом табыс етіледі.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әр қатысушы ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған және қажет деп табылған құжаттар тізімін толықтырып, түгендеп, 2021 жылы қараша айының 30  на  дейін  n_ortalyk@mail.ru       электронды поштасына жолдауы тиіс (конкурсқа қатысу үшін жіберілетін құжаттардың үлгілері қосымша парақта). Ұсыныс құжаттарын арнайы құрылған сараптау комиссиясы тексеріп, бағалайды. Сараптау комиссиясының шешімімен үздік деп табылған қатысушылар аталмыш төсбелгіге лайық деп танылып, қатысушы марапат иегері атанады.

Байқау І кезеңнен тұрады.

Негізгі кезеңде қатысушылар өтініш пен кестені толтырып, шәкірт тәрбиелеу жолында жеткен жетістіктерін топтастырған арнайы слайд (презентация) әзірлеуі қажет.

 

 

Жарнапұл:

Конкурсқа қатысу жарнасы  – тегін.

Жеңімпаздарға арналған бір реттік жарна – қосымша хабарланады.  Бір реттік жарнапұлды тек қана жеңімпаздар ғана төлейді және жарнапұл көлемін арнайы жасақталған комиссия құрамы бекітіп, сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға қосымша хабарлайды. Бір реттік жарнапұл жеңімпаздардың марапаттарын әзірлеуге, атап айтсақ – медаль, куәлік және диплом, арнайы футляр және ҚР аумағында жеткізу шығындарына жұмсалады.

Жеңімпаз педагогтар Алматы қаласында арнайы салтантты түрде марапатталады , іс шара өтетеін күнін әдіскерлер алдын ала хабарлайды.

 

ЕСКЕРТУ: қатысуға ниет білдірген педагогтар құжаттарын (өтініш, ұсыныстарымен қоса) 2021 жылдың қараша айының 30  на  дейін  n_ortalyk@mail.ru       электронды поштасына жолдауы тиіс.

 

Қосымша ақпараттар үшін байланыс телефоны:  8707 177 71 08

 

 «ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2018»

Республикалық байқауының ұйымдастыру комитетіне

 

Өтініш

 

Аты-жөні (төлқұжат бойынша)

Қызмет орыны

(Еңбек өтілі)

Толық мекен жайы

(пошта индексі)

Телефон номері

Электронды поштасы

Жалпы жетістіктер

 

Сапалы фото-сурет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 14.10.2021 13:43
Құрылған күні: 14.10.2021 13:43

Текст