«Болашақ мамандықпен танысу: колледждерге сапар»

Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының 9 «В» сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Тау-кен техникалық колледжі мен жоғары колледждерге барды.

Экскурсия барысында оқушылар ұсынылатын мамандықтармен танысып, оқу үдерісінің ерекшеліктері мен студенттік өмір туралы мәлімет алды. Іс-шара оқушылардың түрлі оқу бағыттары туралы түсініктерін кеңейтіп, болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына көмектесті.

Сынып жетекшісі: Гоголева А.И.
Кәсіби бағдар беруші: Смайлова Г.Ж.