"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ҮЗДІК ЖОБА» атты І Халықаралық оқушылармен студенттерге арналған ғылыми жұмыстар сайысын жариялайды

«ЛИДЕР XXI ВЕКА» Халықаралық инновациалдық білім орталығы А Қ П А Р А Т Т Ы Қ     Х А Т

«ҮЗДІК ЖОБА» атты І Халықаралық оқушылармен студенттерге арналған ғылыми жұмыстар сайысын жариялайды

 

 Сайыстың мақсаты: оқушылардың танымдық, шығармашылық, интеллектуалды қызығушылықтарын жастайынан қалыптастыруға мумкіндік жасау. Оқушылардың ғылыми – зерттеу шығармашылық қызығушылықтарын дамытуға және қолдауға мүмкіндік жасау. Оқушылардың іргелі және қолданбалы ғылымға деген кызығушылықтарын дамыту.  

Қатысушылар контингенті: 1-11 сынып оқушылары және 1-4 курс студенттер. Қатысу жеке немесе біріккен болуы мүмкін. Біріккен авторлар саны - екіден аспауы тиіс.

Сайыстың өткізілу тәртібі: Сайысқа  қатысу форматы – сырттай, яғни қатысушының қатынасуын қажет етпейді. Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын электронды түрде электронды пошта арқылы жібереді.

Сайыстың мәні мен мазмұны:

1. Сайысқа  ғылыми жұмыстар мен жобалар қабылданады

2. Рефераттық жұмыстар Сайысқа қабылданбайды 

3. Материалдардың тақырыптамасына шектеу қойылмайды, алайда құжаттар білім беру сипатында болуы тиіс және жалпыға танылған ғылыми дәлелдерге, әдептік нормаларға және заңнамаға қайшы келмеуі керек.

4. Ғылыми жұмыстар мен жобалар әр түрлі бағыттар бойынша ұсынылуы мүмкін.

Сайыстың өткізілу уақыты:

Жұмыстарды қабылдау: 2020 жылғы 27.10 дейін;

Жұмыстарды бағалау: 2020 жылдың 28 – 29.10 аралығында;

Дипломдарды тарату: 29 – 30.10.2020 жыл.

 Сайысқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- қатысушының өтініш-сауалнамасы 

- сайыстық жұмыс файлы

- ұйымдастырушылық төлем төлегені туралы квитанция көшірмесі.

Сайысқа қатысу үшін жұмыстар liderxxiveka@bk.ru электронды поштасына қабылданады.

Ескерту: Құжаттарды қабылдап алғаннан кейін Сіз бізден жауап-хат алуға тиіссіз. Егер жауап-хат келмесе бізбен хабарласуыңызды сұраймыз.

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Мәтін келесі бағыт бойынша рәсімделеді: Парақтың форматы А-4, тұтас мәтін – «Times New Roman» шрифті, 14-кегіл, жолдар аралығы – дара. Парақтың түрі – кітаптік. Шеттері стандартты, сол жағы – 3см, оң жағы 1,5 см, жоғарғы және төменгі – 2 см. Жұмыстың ауқымы машинамен басылған болуы тиіс, көлемі шектеусіз.

Жұмыс қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылуы керек.

Жұмысқа қойылатын талаптар:

- титулдық парақ:

 -  мазмұны;

- түйін (аннотация) – жұмыстың негізгі бағыттары бойынша  қысқаша баяндамасы, қазақша немесе орысша беріледі (жұмыстың қай тілде жазылғанына байланысты)

 - кіріспе;

- негізгі бөлім;

 - қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер тізімі.

МАРАПАТТАУ.

Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия жеңімпаздарды және номинациялар бойынша жеңімпаздарды (I, II, III орын) анықтайды. Байқау комиссиясы арнайы (қосымша) номинация құру құқығына ие болады және жұмыстардың қарастыру уақыттын өзгертуі мүмкін. Жеңімпаздардың және номинациялар бойынша жеңімпаздардың санына кірмеген қатысушылар, қатысушы дипломдарын алады.

Сайыстық жұмыстың, біздің сараптаушы педагогтық комиссияның қарап шығуымен бағалануына орай, сіз дипломның электронды түрін аласыз.  Электронды диплом JPEG  форматындағы электронды сапалы файл түрінде беріліп, қатысушының электронды пошта жәшігіне жіберіледі. 

Дипломдарды жолдау конкурстың қорытындысын шығарғаннан кейін жүзеге асырылады.

Сараптамалық қорытындылар қатысушыларға берілмейді. Байқау материалдарының мазмұнына ұйымдастыру комитеті жауапты емес. 

САЙСҚА ҚАТЫСУДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Орталықтың ұйымдастыруымен өтіп отырған Сайысқа қатысу ақылы. Қатысу төлемін қатысушы өз қаражаты есебінен төлейді. Ұйымдастырушылық төлемі бір жұмысқа 2000 теңге, бірлесе жасалған жұмысқа 3000 теңге. Төлем банктік реквизитермен өткізіледі

- Ұйымдастыру шоты:

- QIWI кошелек: +7 775 131 53 01

- QIWI төлем терминалы арқылы төлеу бойынша нұсқаулық:

1. Терминалдың негізгі экранында «QIWI кошелек» батырмасын басыңыз.

2. Пайда болған экранда «Әмияныңызды толтырыңыз»

3. Содан кейін +7 775 131 53 01нөмірін енгізіп, оны қайтадан енгізіңіз.

4. Түсініктемелер өрісінде жетекшінің атауын енгізіңіз.

- Каспий голд: 4400 4301 1446 1293 (карта номері)

ИНН: 960917300837 (терминал арқылы)

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай көшесі, 52. 148 кабинет. +7 775 131 53 01

E-mail: liderxxiveka@bk.ru

«ҮЗДІК ЖОБА» атты І Халықаралық оқушылармен студенттерге арналған ғылыми жұмыстар сайысына қатысуға ӨТІНІШ

1

Қатысушы оқушының аты-жөні (толығымен) 

 

2

Білім беру мекемесінің (қысқартусыз) толық атауы 

 

3

Сыныбы, курс

 

4

Жұмыстың түрі (жоба, жұмыс т.с.с.) 

 

5

Зерттеу бағыты (Гуманитарлық ,Физикаматематикалық  т.с.с.)

 

6

Тақырыптың аты 

 

7

Оқытушы/жетекшінің  аты-жөні (толығымен) 

 

8

Ұялы телефон  (7700 000 00 00) 

 

9

Диплом жіберу үшін пошталық адресі E-mail  

 

Құрметті оқытушылар, өтінішті толтырарда  мұқият болуларыңызды сұраймыз!!!

Диплом өтініштегі деректерге сәйкес толтырылады. Егер өтініште мәлімет қате кетіп, диплом жасалып, жіберілген жағдайда, диплом қайта жасалмайды

 

 

Жаңартылған күні: 27.10.2020 10:13
Құрылған күні: 27.10.2020 10:13

Текст