«МЕНІҢ ӘЛЕМІМ ЖӘНЕ МЕН» — психология пәні бойынша ашық сабақ.
Мақсаты:
Балалардың өзін-өзі ашуына, өздерінің рухани даралығын сезінуіне, өзіне деген сенімділіктің қалыптасуына, айналасындағылардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ізгілікпен әрі сын тұрғысынан қабылдай білуіне, қарым-қатынастың тиімді дағдыларын қалыптастыруға және эмоционалдық интеллектті дамытуға бағытталған негізгі міндеттерді шешуге арналған тәсілдер мен әдістерді дамыту.
Міндеттері:
-
Сахналық өнерге деген қызығушылықты дамыту.
-
Көру және есту зейінін, есте сақтау қабілетін, байқампаздықты, тапқырлықты, қиялды, елестету мен бейнелі ойлауды дамыту.
-
Қысылу мен тұйықтықты жою.
-
Танымдық қызығушылықты арттыру.
-
Басқа балалармен өз әрекеттерін үйлестіре білу дағдыларын дамыту.
-
Құрдастарымен қарым-қатынаста мейірімділік пен ашықтықты тәрбиелеу.
-
Қиялдағы кез келген жағдайға шынайы сену, бейнеге ену және өзгеру қабілетін дамыту.
-
Ырғақ сезімін және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту.
-
Сөйлеу тынысын және артикуляцияны дамыту.
-
Жаңылтпаштар мен өлеңдер арқылы дикцияны дамыту.
-
Сөздік қорды молайту.
-
Қарым-қатынас серіктесін өз бетінше таңдай отырып, диалог құра білуге үйрету.
-
Негізгі сезімдер мен эмоцияларды білдіретін сөздерді қолдана білуге үйрету.
-
Өзін тану және өзін түсіну үдерісінен ләззат алуына ықпал ету. мектеп психологы: Гүлнар Жұмабайқызы


