Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Лингвистика» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.

Мектеп-гимназиядан аталған олимпиадаға 6 оқушы қатысты. Қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен қоса математиканы еркін меңгерген болуы шарт.

Байқау қорытындысы бойынша 11-сынып оқушысы Огарков Александр 1-орынға, Айткалиева Аида 2-орын, Соспанова Сания мен Нигметова Тамирис 3-орынға ие болды. Құттықтаймыз!