30.12.24 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясында" педагогикалық кеңес өткізіліп, екінші оқу тоқсанының қорытындысы шығарылды.
Аға корпус меңгерушісі А. С. Лябаева және бастауыш сынып меңгерушісі Т. с. Жуковская баяндама жасады.
Биология пәнінің мұғалімі А. Е. Кинцель сынып жетекшісі ретіндегі тәжірибесімен бөлісті, мектептегі сынып жетекшісінің рөлі туралы айтты.
Педагогикалық кеңестің ресми бөлімінен кейін әр мектептің әдістемелік бірлестігінің өкілдері ұжымды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
М. Хавлюк