«Эмоциялық қажу: өзіңді қалай қалыпқа келтіруге болады»
Мақсаты:
Эмоциялық қажудың алдын алу және эмоционалдық өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту,
қатысушылардың өз күйін, ресурстарын және психологиялық денсаулығын басқару қабілетін арттыру.
Міндеттері:
-
Қатысушыларды эмоционалдық қажу ұғымымен, оның белгілері мен салдарымен таныстыру.
-
Жеке стресс пен шамадан тыс жүктеменің көздерін анықтауға көмектесу.
-
Өзін-өзі талдау дағдыларын және өз эмоционалдық күйлерін түсіну қабілетін қалыптастыру.
-
Қалпына келудің және психоэмоциялық кернеуді азайтудың тиімді әдістерін меңгерту.
-
Стрестік жағдайларға төзімділікті арттыру және өз ресурстарын сақтап, қолдай білу дағдыларын дамыту.
-
Салауатты мінез-құлық стратегияларын қалыптастыруға және эмоционалдық күйзелістің алдын алуға ықпал ету.