23-27 қазан аралығында «Jana urpaq STEP» қоғамдық қоры мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау жобасы аясында. №6 мектеп-гимназиясының 10 сыныптары үшін «Болашақтың мамандықтары» және «Қалтаңда грант» тақырыптарында тренингтер ұйымдастырдық, сонымен қатар балаларға конкурстық негізде тәлімгерлік бағдарламасына қатысуға мүмкіндік берілді. Жобаның географиясы: Алматы, Қарағанды және Степногорск. Тренингтер барысында студенттер мыналармен танысты: 1. Ең сұранысқа ие мамандықтармен; 2. ҰБТ-дан басқа грантқа түсуді үйренді 3. Балаларға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ішкі гранттары мен конкурстары туралы ақпарат берілді. N 6 мектеп-гимназиясының әкімшілігі «Jana urpaq STEP» қоғамдық қорының жетекшісі Зарина Қайратқызы Салимоваға ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді!