Текст
19.03.2024 күні
Абай Құнанбаев атындағы
6 мектеп-гимназиясында
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастырылуымен
5-10 сыныптар арасында
“БАУЫРСАҚ FЕST -2024”
байқауы өтті.
Наурыз мейрамы қарсанында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұлттық тағамдардың бірі - бауырсақтың түрлі пішінде пісірілуімен таныстыру. Байқауға қатысқан әр сынып “Берекелі дастарқан”, “Ең дәмді бауырсақ”, “Ең әдемі пішінді бауырсақ”, “Атына заты сай бауырсақ”, “Әжемнің бауырсағы”, “Авторлық бауырсақ”, “Апамның бауырсағы” номинацияларға ие болды.
Бұл байқауға қатысқан оқушылар, мұғалімдер және ата-аналарға мектеп ұжымы атынан көптен көп рақмет.
Ұлыстың Ұлы күні оң болсын!