"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №6 имени Абая Кунанбаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ана тілі күні

21.02.2017

21 ақпан - Халықаралық Ана тілі күні.

Тіл - тек қатынас құралы ғана емес. Ол мәдениетке, табиғатқа, тарихқа, адам атаулының түп-тамыры мен оның шыққан тегін анықтауға мүмкіндік береді. Барлық тілдерді танып-білу мен құрметтеу бейбітшілікті сақтаудың кілті болып табылады. Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар. Әр халықтың ерекшелігі мен салт-дәстүрлерін бейнелейтін өзіне ғана тән сөз тіркестері бар. Өз атымызды иеленгеніміз сияқты тілімізді де балалық шақтан өз бойымызға ана сүтімен сіңіреміз.

Тілімізді сүюге, көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін ұғындыру мен тіл туралы кітаптарды насихаттау мақсатында 21 ақпан - Халықаралық Ана тілі күніне орай  мектепішілік жиын өтті. Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұрғанбаева Гульшира Казиевна  бүгінде барлық  Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болғандығы туралы айтып, енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту өскелең ұрпақтың міндеті екеніне тоқталып өтті.

Жакишева А.Т., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Просмотров: 285


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст