Сабақтың тақырыбы: "Ана тілі - арың бұл"
Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру.
Міндеттері: қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне
деген қызығушылықтарын ояту, Қазақстан жерінде тұратын халықтардың салт – дәстүрлері
туралы айту, тілге құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация «Халықтар достығы»,
акт залын безендіруге арналған заттар, сөзжұмбақтар, мақал-мәтелдер.
Іс-шараның барысы:
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар!
Бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам – тілдер күні! (Кіріспе кезеңінде презентация көрсету). Бүгін 21 ақпан бүкіл Қазақстан халқының мейрамы. Тіл ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе – өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді.
Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады.
Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.
Оқушылар тіл туралы үш тілде тақпақтар оқиды.
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Много языков на свете разных-
Выучить их все не смог бы я;
Все они по-своему прекрасны,
В каждом есть "изюминка" своя.
Whosenameis…
And we have fun together.
We laugh and play
And sing all day
In any kind of weather.
Абурахман Айза «Көп ұлтты Қазақстан» атты шағын баяндама жасайды.
Қазақстанда 130 - дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Біздің мемлекетімізде әр ұлт өкілдері өз тілдерімен қатар мемлекеттік, орыс,неміс, ағылшын, т.б. тілдерді меңгереді. Бізде неміс, корей, украин сияқты тілдерде де газет-журналдар шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы, Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді.
Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді.
Оқушылар «Если с другом вышел путь» әнін орындайды. (Қолдарына шарлар мен гүлдерді алады). Әнді айтып болған соң қолдарыңда шарлар бар оқушылар бір топ, гүлдері бар оқушылар бір топ болып екі топқа бөлінеді.
В нашей стране уделяют большое внимание изучению языка. Знание разных языков помогает стать грамотным, эрудированным специалистом во всех отраслях науки и техники. И сейчас проведем соревнование «Кім көп біледі?» на трех языках.
Келіңдер, үш тілде мақал айтып, сөз жарыстырайық. Біздің сөз мергендерімізді тыңдап көріңіздер.
«Кім көп біледі?» үш тілде мақал-мәтелдер сайысы:
1.Отан - елдің анасы, Ел - ердің анасы.
2. Ел іші – алтын бесік.
3. Отан оттан да ыстық.
4. Жолдасы көптің – олжасы көп.
5. Татулық – табылмас бақыт.
6. A friend is, as it were, a second self.
7. "Myfriendsaremyestate."
8. The antidote for fifty enemies is one friend.
9. An Englishman’s house is his castle.
10. There’s no place like home.
11.Нет в мире краше Родины нашей.
12.У народа один дом – Родина.
13. Не спеши языком, торопись делом.
14. Острый язык змею из гнезда выманит.
15. Языком не спеши, а делом не ленись.
«Флэш моб» биін билеу.
«Кім тез ойлайды?» Екі топ бір- біріне жұмбақтарды оқып шешу.
Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады. (Алфавит)
Бiрiн-бiрi қоштаған,
Бiр үйден көрдiм,
Қырық екi дос-жаран. (42 әріп)
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.(Сөз)
Аппақ дала қара дән,
Дәнін сепкен - түсінуге жараған. (Әріптер) т.б.
У первобытных людей не было своего языка. Они общались жестами, звуками. Послания писали не буквами, а рисунками. Давайте попробуем с вами побывать в шкуре древнего человека и объяснимся без букв, жестами.
(Әр топтан бір қатысушы келіп, жребий тартады. Қарсылас топ мимика арқылы көрсетілген тапсырманы қалай
түсінгенін айтады).
Ойын: «Түсініп айт»
Менің басым ауырып тұр. Тіс тазалау. Таңертең жаттығу жасаймын. Жазда жидек жинаймын. Ән айту. Әжем шұлық тоқып отыр. Атам газет оқып отыр.
«Бәйге» сайысы
- Қазақстанның астанасы?
- Қазақ халық ертегілердің кейіпкерлері?
- Орыс ертегілердің кейіпкерлері?
- Білім бұлағы?
-Абайдың қанша қара сөзі бар? т.б.
Полиглот. Слайд.
1-топ
1. Отан - елдің анасы, (...) -ердің анасы. (Ел, страна)
2. Ел іші – (...) бесік. (алтын, золото,)
3. Отан оттан да (...).
(ыстық, горячий, )
4. Татулық – табылмас (...). (бақыт, счастья, )
5. Халықтың ортақ үйі – (...). (Отан, Родина, )
6. ... білім бұлағы. (кітап, книга, book )
2-топ
1. Досы жоқ (...), Тұзы жоқ тағам. (адам, человек,)
2. Адал достық, алтыннан да қымбат. (достық, дружба, )
3. Өнер алды – қызыл
... (тіл, язык, language )
4. Жері байдың елі
... . (бай, богатый, rich)
5. Өз елің - ...
бесік. (алтын, золото, gold)
6. ... кеме, білім теңіз. (мектеп, школа, school)
Сөзжұмбақты шешу.
Сөздің кілті: Достық, Ынтамақ Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің дайындығы кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың арқасында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
ІІ жүргізуші: Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау үшін кезек қазылар алқасына беріледі.( Марапаттау. Құттықтау).
Макеева Б.Ж., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Туған тілім - тұғырым
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу.
3. Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер, мақал мәтелдер
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын аудару.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ. Кіріспе сөз:
-Оқушылар, сендер білетіндей - Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР - дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н. Ә. Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР- ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек - Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. Ал 21 ақпан Халқаралық тілдер мерекесі. Осы мерекеге орай бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып - ашып жүріп, ауылдағы абыз ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып: «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы
- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ - па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
Сендер осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесіңдер ме, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл - ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.
Оқушылар тақпақтары:
Арсен: Жанымнан қымбат
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап
Үлгі өнеге аламын.
Балнұр: Ана тілім анам
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.
Альмира: Ана тілім елдігім
Ана тілім ерлігім
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін.
Жанель: Ана тілім тірегім
Ана тілім жүрегім
Қасиетті елімді
Тек өзің деп білемін.
Әділжан: Қазағым - ау, бір - бір үлкен жүрексің,
Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
Тәуелсіз ел - ана тілін ардақтап,
Тәуелсіз ел - ана тілін ту етсін.
Қайрат: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілін сақтаған.
Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды - қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз - әңгімелер, ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал - мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.
Мухаббат: Тіл тазалығы дегеніміз - ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
Арсланбек: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілі ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
Жандарбек: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
Сенсің менің қасіретті шаттығым.
Сенсің менің тазалықты пәктігім,
Сенсіз бақыт дүние тапты кім?
Зарина: Ана тілің арын бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Би: «Қазақ биі»
ІV. «Кім шапшаң?».
Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
Асхат: Шебердің қолы ортақ, Шешеннің сөзі ортақ.
Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады.
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтер.
Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Тіл қадірін білмеген - жетесіз.
Акниет: Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз.
Сөз өнері - киелі өнер.
Аида: Өнер алды - қызыл тіл.
Әдептің басы - тіл.
Амирлан: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.
Сандуғаш: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
Дамир: Ана тілім - ар тілім
Жанардағы жарқылым
Жүрегіңде сақталған
Ән - жыры боп халқымның.
Ән: «Атамекен»
V. «Ойлан, тап!»
Берілген сөздерден мақал құрастыру.
( ата, бала, жақсы, еңбек, Отан, батыр, ел, ана).
VІ. Жұмбақ жасыру.
VІІ. Қорытынды:
Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш - қуат беретін де, ой - сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де,
болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.
Оқушылар бірге:
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Осы тілмен мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін
Айбатырова Ж.Д., бастауыш сынып мұғалімі