2016 жылға арналған Абай Құнанбаев атындағы №6 гимназия мектебінің
мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі
ЕСЕБІ
Абай Кунанбаев атындағы № 6 мектеп гимназиясында халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің 7 түрі бар. 2016 жылға арналған келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау - 218 оқушы;
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша денсаулық жағдайына байланысты үйде - 1 оқушы оқиды;
3. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жалпы білім беру қоры есебінен -16 оқушы;
4. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру -14 оқушы;
5. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру - 0 қызмет ;
6. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша - 6 қызмет;
7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау -1 қызмет.
Барлық қызметтер регламентте белгіленген мерзімде, сапалы орындалды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағым түскен жоқ.
С.С. Кусаинова,
әлеуметтік педагог