"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №6 имени Абая Кунанбаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туберкулезді жұқтыру қалай жүреді?

06.03.2017

Туберкулезді жұқтыру қалай жүреді?

Туберкулез сырқаттанған адамнан ауа-тамшылы, ауа-шаңды, сонымен қатар тұрмыстық-қатынастық жолдармен беріледі. Туберкулезбен сырқаттанған адаммен ұзақ уақыт тығыз қатынаста болған тұлғалар үлкен қауіпке ұшырайды.

Сырқаттануға АИВ/ЖИТС, үнемі күйзелулер, асқа жарымау, нашар тұрмыстық жағдайлар, маскүнемдік пен нашақорлық, шылым шегу, өкпенің созылмалы сырқаттары, қант диабеті, жара ауруы әсер етеді. Жұқтыру – ауыру дегенді білдірмейді. Кох таяқшасын алған дені сау адамның белсенді туберкулезбен сырқаттану мүмкіндігі 5-10 % шамасын құрайды. Бұл кезде сырқат бірден басталмайды, жұқтырғаннан кейін алғашқы 1-2 жылда байқалады.

Туберкулезді қалай анықтауға болады? 

Туберкулезбен сырқаттанған адам мыналарға шағымдануы мүмкін:  қақырықтың бөлінуімен жөтелу; қан қақыру, демікпе (асқынған туберкулез, өкпе тіндерінің кеңкөлемді зақымдалуы кезінде); кеуде қуысындағы ауырсынулар (жөтелу немесе өкпеқаптың зақымдалуы кезінде бұлшықетке күш түсуі); тәбеттің болмауы, 5-10 және одан да көп кг арықтау;  әлсіздік, қалжырағандық, тершеңдік, асқан шаршағандық, жұмыс қабілетінің төмендеуі;  қалтырау (дене температурасының кешкі уақыттарда, физикалық немесе эмоциялық жүктемеден  көтерілуі). Айтылған барлық белгілер өзге сырқаттар кезінде де болуы мүмкін, дегенмен осылар үш апта бойы немесе одан да ұзақ мерзімде сақталса, учаскелік дәрігерге жүгіну қажет немесе туберкулез диагнозын растау немесе жоққа шығару үшін арнайы зерттеулер жүргізу қажет.

Туберкулезді қалай анықтауға болады?

Негізгі әдістері – рентгенологиялық тексеру, балаларда – туберкулинодиагностика (Манту сынамасы).

Бактериологиялық тексеру – туберкулез диагнозын растаудың ең сенімді жолы.

Ересек тұрғындарды туберкулезге жаппай тексеру үшін флюорография, ал балаларда – Манту сынамасы жүргізіледі.

Туберкулез профилактикасының қандай әдістері бар?

  • ағзаның қорғаныс күшін арттыратын іс-шаралар (еңбек пен демалудың тиімді режимі, дұрыс құнарлы тамақтану, шылым шегу мен ішімдік ішуден бас тарту, шынығу, дене шынықтырумен айналысу және т.б.);
  • тұрғын үй және өндірістік ортаны сауықтыратын іс-шаралар (бөлмелердің тығыздығы мен шаңдануын төмендету, вентиляцияны жақсарту);
  • туберкулезге қарсы екпелерді жүргізу (барлық дені сау жаңа туған сәбилерге өмірінің 3-4 күні екпе егу және 7 жастағы балаларға БЦЖ ревакцинациясы, яғни теріс Манту сынамаларымен);
  • химиопрофилактика (негізінен, туберкулездің жұқпалы формасымен ауыратындармен қатынастағы тұлғаларға, туберкулезден айыққаннан кейінгі тұлғаларға).

 

 

Ең бастысын есте сақтаңыз – туберкулез емделеді.

Бұл соңғы кесім емес! Өз денсаулығыңызға абай болыңыз!

Кусаинова С.С.

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст