"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №6 имени Абая Кунанбаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Заманауи мектепке жаңашыл ұстаз

11.04.2017

Заманауи мектепке  жаңашыл ұстаз.

Тұрғанбаева  Гүлшира Казиевна Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясында 1992  жылдан бері еңбек етіп жүр. Осы жылдар ішінде бірнеше түлектері мектепте терең білім алып, жоғары оқу орындарын аяқтап, бүгінде әр салада қажырлы еңбек етуде.

Ұстаз  «актер», «мүсінші» де деп дұрыс айтылған. Өйткені шәкірттерінің алдында өзін ұстай білу,одан жақсы «мүсін» жасап шығару тек қана ұстаздың қолынан келеді.Осы қасиеттің барлығын Гүлшира Казиевнаның бойынан табуға болады. Ол 1994 - 2010 жылдары сынып жетекшісі болып,түлектерімен қоштасып, оларды үлкен өмір жолына шығарып салған болатын.  Мұғалімнің бірнеше оқушылары «Алтын Белгі» иегерлері, қазақ тілінен ҰБТ тапсыруда жоғары ұпай жинағандар да бар. Бүгінде «Алтын белгі» иегері Абдраманов Марат Алматыдағы жоғары оқу орнын үздік бітіріп, Степногорск қаласында еңбек етіп жүр. Ал «Алтын белгі»  иегерлері Ерғали Жаннұр мен  Капустина Ольга Қазақстан мен Ресей елдеріндегі  жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.

Мұғалім сабақтарында , сабақтан тыс кезеңде заманауи технологияларды тиімді қолданып, оқушыларын халықаралық,облыстық,республикалық қашықтық олимпиадаларына қатыстырып,оларжүлделі орындарға ие болуда. Осының барлығы ұстаздың қажырлы еңбегінің жемісі. Бүгінде бұрынғы шәкірттерінің балалары да  Гүлшира Казиевнадан білім алуда.

2008 жылдан бастап Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп - гимназиясында директордың ғылыми – әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары болып қызмет етіп келеді.Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп,бағыт беріп отырады.  Осы жылдар ішінде қалалық әдістемелік байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Оның нәтижесін 2010 -2011 оқу жылында әдістемелік жұмыс  көрсеткіші бойынша 1 дәрежелі Дипломмен, 2011-2012,2012-2013  оқу жылында әдістемелік жұмыс қорытындысы бойынша 2 дәрежелі Дипломмен ,ал 2015 жылы «Білім беру мекемелеріндегі әдістемелік кеңес жұмысын жоспарлау» қалалық байқауының қорытындысы бойынша жүлделі 2 дәрежелі Дипломмен марапатқа ие болуынан байқауға болады.

Ұстаздың шәкірттерге білім берудегі   қажырлы еңбегі ескеріліп, 2015 оқу жылында білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары, кәсіби шеберлігі, педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін Ақмола облысы білім басқармасының  «Құрмет Грамотасы» табыс етілді.

Үш тілді оқытудың бірыңғай тілдік стандартына сәйкес  2016 жылдың 03-15 қазан аралығында Алматы қаласындағы Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында «Шет тілі ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесі» бойынша курстан өтіп, куәлік алды. Гүлшира Казиевна – жаңашыл ұстаз. Жаңашыл ұстаз 2016-2017 жылдан бастап жоғары сынып оқушылары қорытынды аттестациялауды жаңа форматта өтетініне  байланысты тапсырмалар дайындады. Сол жұмысы қалалық сараптамалық кеңес отырысының  2017жылдағы 20 ақпанындағы №15 хаттамасында  бекітілген болатын.

 

Бекішева Гүлсім Қаязқызы,

Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының жоғары

санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

     

Просмотров: 497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст