"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №6 имени Абая Кунанбаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЭКСПО 2017 – Қазақстан мақтанышы

13.07.2017

ЭКСПО 2017 – Қазақстан мақтанышы     

Біз барлығымыз – Қазақстан азаматтарымыз. Біреулері оқиды, біреулері жұмыс істейді – әркім өз ісімен айналысуда. Қазақстандықтарды өз еліне байланысты барлық жаңалықтар қызықтырады. Біз еліміздің көркеюін, мемлекетіміздің заманға сай дамуын қалаймыз. Бүгінгі таңда ЭКСПО – 2017 туралы көп айтылады. ЭКСПО – 2017 деген не? Бұл шынымен, ел үшін өте маңызды ма екен? Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша, ЭКСПО-2017 – «Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алу үшін үлкен мүмкіндік. Көрмеге дайындық барысында Қазақстанға келетін миллиардтаған доллар инвестициялары, сондай-ақ оның нысандарын одан әрі пайдалану». Бұл іс-шара Қазақстан үшін өте маңызды екені сөзсіз. Оның маңыздылығы неде?

         ЭКСПO - 2017 өткізу - ұлттық жоба, еліміз дамудың «жасыл» жолына көшу үшін қуатты серпін болып табылады. Мұндай іс-шара біздің еліміздің әлемде жаңа орын алуға мүмкіндік береді. Елордада әлемдегі ең үздік ғылым мен технология ұсынылатын болады. Қазақстандықтар өз көзімен «Болашақ энергиясын» көре алады. ЭКСПО – 2017 -  Қазақстан  тарихындағы негізгі оқиғалардың біріне айналады, және бұл іс-шараның өтілуі біздің еліміздің имиджіне үлкен үлес қосып, экономика және мәдениет дамуына мүмкіндік береді.        

ЭКСПО – 2017 көрмесі - біздің қазақи қонақжайлылықты көрсету мүмкіндігі болып табылады. Жан-жақтан келген қонақтарды абыроймен қарсы алып, ыңғайлы орналастыру керек. Маусымның 10 күні халықаралық көрменің ашылуы өтті. Біз де, елімізде болып жатқан осындай үлкен іс-шараға белсенді қатыстық. 12- маусым күні өз көзімізбен көру үшін бірінші болып көрмеге екі автобуспен бардық. Әрине, бір күннің ішінде бәрін көріп шығу мүмкін емес. Біздің мектептен көрмеге жұмыс істейтін мұғалімдермен қатар құрметті демалысқа кеткендер де барды. Олардың қайтып келуін барлығы асыға күтті: «ЭКСПО қалай екен?», «Қандай жаңалықтар көрдіңдер?», «Сендерді не қызықтырды?» деген сияқты көптеген сұрақтар. Ұнады! Өте жақсы! Әрине, бір күннің ішінде бәрін аралап шығу мүмкін емес. Дегенмен әлі де қайта, қайта баруға болады ғой... Көрмені миллионнан астам адам көріп шықты. Бізден, қаншама адам көрмеге ынтыға барып жатыр. Барлығы көп әсер мен оң пікірлерімен оралуда. Олардың әңгімелерінен кейін шынымен барып өз көзімен көріп, сезініп, жаңа нәрсе үйренгің келеді. Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен  адамдар келіп жатқанда, біздің қаламыз да шетте қалып жатқан жоқ. Біз жарқын болашаққа сенеміз. Біз Президентті мақтан тұтамыз, біз осындай керемет елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Біз оның басшылығымен біздің ортақ ісіміз табысты болатынына сенімдіміз.

Гүлжамал Касенова

Просмотров: 1229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст