"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №6 имени Абая Кунанбаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке жол» акциясы 2017

08.08.2017

Хабарландыру

Дәстүрліреспубликалық қайырымдылық «Мектепке жол» акциясы 2017 жылғы

1-тамыздан бастап басталды.

Жаңа оқу жылының жақындауына орай ата-аналар балаларын мектепке жинау үшін қажеттінің бәрін сатып алады. Қаланың әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін - бұл үлкен мәселе. Мұндай отбасыларға көмектесу үшін дәстүрлі түрде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Қайырымды тұрғындардың арқасында ондаған отбасы жыл сайын көмек алады.

            Жаңа оқу жылының басында оқушыларға келесідей оқу құралдары қажет: портфель, қарындаш, сурет салуға арналған альбомдар, түрлі-түсті қағаз, картон, түрлі-түсті қарындаштар, қаламсаптар, бояулар, қылқалам, ермексаз, желім, қайшы және басқа да кеңсе тауарлары.

            Дәстүр бойынша жаңа оқу жылы басталғанға дейін бір ай бұрын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жалпыұлттық қайырымдылық «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағдарланған республикалық акциясы «Менің таңдауым - балаларға көмек!» ұранымен 2017 жылдың 1-тамызынан бастап 30 қыркүйекке дейін өтеді.

            Іс-шараның мақсаты - жетім балаларға, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмектесу мен оқу жылының басында әлеуметтік себептер бойынша  балалардың сабақтарға қатыспауы алдын алу дайындық жұмыстары. Жыл сайын акцияға қатысқысы келетін адамдар саны артып келеді.

            Әкімшілік және Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының оқытушылары құрамы Степногорск тұрғындарына, бизнесмендері мен кәсіпкерлеріне «Мектепке жол» акциясына және жағдайы қиын отбасылар мен балаларға көмектесіп үлес қосуға ұсыныс жасайды.

         Науқанның бір бөлігі ретінде қала тұрғындарынан қайырымдылық көмек көрсету үшін Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында гуманитарлық пункт ұйымдастырылды.

          Біз қала тұрғындарын, кәсіпорындар мен жеке шаруашылық басшыларын әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларды қамқорлыққа алып, оларды мектепке дайындауға көмектесу үшін шақырамыз.

Акция туралы және көмек көрсету сұрақтары бойынша мектеп әкімшілігіне қоңырау шалуыңызға болады.  тел:3-07-03, 3-07-15

  

Сіздің түсінушілігіңіз бен мейірімділігіңізге алдын-ала рахмет!

Жақсылық жасауға асығыңыз, ол сізге міндетті түрде оралады!

Просмотров: 586


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст