"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №6 имени Абая Кунанбаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық Өнеге интеллектуалды білім порталы

15.10.2017

Құрметті Ұстаздар мен оқушылар!

(13.10.2017ж -30.10.2017ж)

Республикалық "Өнеге" интеллектуалды білім порталы балалар мен жастардың қызығуын ояту, рухани жаңару – ұлттық сананың кемелденуінің жемісі болып табылуына үлес қосу  мақсатында  педагог мамандар мен мектеп оқушыларын  қазан айында ұйымдастырылған Республикалық интернет білім байқауына  қатысуға шақырады. Бұған Республикамыздың түкпір- түкпіріндегі тəжірибелі ұстаздар мен  талантты оқушылар ат салыса алады

Шәкіртіңіздің бәйгеден озып келіп, мерейіңізді тасытқанын қаласаңыз біздің порталға оқушы сұранысын , педагогикалық іс тәжірибеңізбен бөліскіңіз келсе мұғалім сұранысын ұсыныңыз! Ұсыныс беру Сізден, әділ бағалап, белгілі ғалымдар мен өнер иелерінің қолы қойылған диплом, сертификат беру Бізден!

Оқушыларға арналған байқаулар тізімі:

1.       Менің қаламның танымал тұлғасы (эссе, сурет,өлең, мақала, ғылыми жоба)

2.       Қарттарым аман- сау жүрші (эссе, сурет, өлең)

3.       Өмір- өлең (Ақындар мүшәйрасы)

4.       Күнделікке ақтарамын сырымды...(Эссе, үзік сыр, өлең)

5.       Мұxтар Шаxанов, Күләш Аxметова жырларын мәнерлеп оқу. 

6.       Менің сүйікті сынып жетекшім (Эссе, өлең, сурет)

7.       Еркін даланың оғландары (қазақ батырлары)(Эссе, өлең, сурет, сөзжұмбақ, реферат, ғылыми жоба)

8.       Дана – Абай! (Ғылыми жоба, реферат, өлең, эссе,сурет )

9.       Ауылым алтын бесігім. (Эссе, өлең, сурет)

10.   Баба мұрасы – қолөнер (Оқушылардың өз қолымен жасаған дүниелері)

11.   Сурет салдым параққа...(Сурет)

12.   Сыр- сұxбат(тұрғылықты жердің танымал тұлғасымен немесе дәріс беретін ұстазы болмаса ата- әже, әке -анасымен оқушының журналистік  сұxбаты)

13.   Үздік ғылыми жоба

14.   «Таңғажайып картина»

15.   Өнегеге бай - Халық ауыз әдебиеті ( Өз ойынан  өтірік өлең, аңыз әңгіме жазу)

16.   Менің анам – кеудемдегі жүрегім! (Эссе, өлең, сурет, ребус, сөзжұмбақ)

17.   Көркем жазу. Оқушының еркін тақырыпта жазылған қысқаша дәптер бетіне түскен жазуы.(Ұялы телефонға суретке түсіру арқылы немесе оқушының жазып отырған сәтін видеоға түсіру арқылы жолдауға болады.)

18.   «Менің арманым» (эссе, өлең)

. Оқушылар Байқау ережелері мен шарттарына түсініктеме:

1.Оқушы тақырып бойынша бір ғана шығармасын, өлеңін, реферат, ғылыми жоба, сөзжұмбақ, ребус немесе суретін жолдайды

2. «Мәнерлеп оқу» сайысына қатысатын оқушы ақындардың өлеңін жатқа білуі тиіс. Сонымен қатар видеосын ұялы телефонға түсіру арқылы не болмаса кәсіпқой видеокамераға түсіріп жібереді.

3. «Сыр- сұхбат» конкурсы бойынша оқушы сұхбат барысын ұстазымен, ата - әжесімен, әке - анасымен немесе тұрғылықты жерінің  дарын иесімен жүргізуі тиіс.  Сұхбаттасқан, зерттеу жүргізген Видеосын ұялы телефонға түсіру  не болмаса кәсіпқой видеокамераға түсіру арқылы  жібере алады.

4. «Таңғажайып картина» номинациясы бойынша конкурсант өзінің отбасының мүшелері  немесе  туған жерінің табиғаты мен көрінісін салуы тиіс.

5. «Күнделікке ақтарамын сырымды» конкурсы бойынша оқушы күнделік дәптеріне   сырлары мен ойларын қаламмен жазып түсіруі тиіс.

6. «Өнегеге бай - Халық ауыз әдебиеті» байқауы бойынша оқушы өз ойынан  халық ауыз әдебиетінің түрлері өтірік өлең шығарып, қария кісілерден естіген  аңыз әңгімелерін жазып жібереді.

7.Оқушы сұранысын толтыру міндетті. (Сыныбы, жетекшісі, байқау тақырыбы)

8.Сканерден өткізілген немесе анық көрінетін етіп түсірілген фотосуреттегі төлем туралы құжат (түбіртек немесе төлем тапсырмасын),  электронды түрде байқау жұмысын  onege-kz@mail.ru  электронды поштасына жіберу қажет.

9.Оқушылар жұмысы сыныбына қарай бағаланады. Жеңімпаздар (1,2,3 дәрежелі) дипломына,  Орын алмаған оқушылар  қатысушы сертификатына немесе алғыс хатына ие болады.

10.Жеңімпаз конкурсанттар жетекшілеріне арнайы алғыс хат табысталады

11.Бір жетекші 20  оқушыдан жоғары қатыстырған жағдайда төлемақы 400 теңгеден; бір мектептен 50 оқушыдан жоғары қатыстырған жағдайда 350 теңгеден төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Қабылдау мерзімі:  13-30 қазан аралығы. Қорытынды 7-10 қараша аралығында сайтымыздың нәтиже айдарында жарияланады. Үздік деп танылған жұмыстар сайтқа әділқазы мүшелерінің алғыс сөзімен жарияланады.

Мұғалімдерге конкурс тізімі:

1.      Үздік сабақ жоспары

2.      Үздік ашық сабақ

3.      Ашық тәрбие сағаты

4.      Үздік сабақ презентациясы

5.      Сыныптан тыс іс- шара

6.      Үздік мерекелік сценарий

7.      Шәкіртім мақтанышым!

8.      Үздік психолог портфолиосы

9.      Үздік ғылыми жоба

10.  Тәлімі мол  тәрбиеші!  (Әріптесі туралы мақала)

11.  Педагогтың үздік портфолиосы

Мұғалімдер Байқау ережелері мен шарттарына түсініктеме:

1.Әр конкурс бойынша өз мамандықтары арқылы (ашық), сабақ жоспарларын жібере алады.

2. «Үздік ғылыми жоба» конкурсы бойынша оқушысымен бірге, немесе бөлек зерттеген тақырып жұмысын ұсына алады.

3. «Тәлімі мол тәрбиеші» конкурсына  мектепке еңбегі сіңген зейнеткер ұстаздары немесе біліктілігімен көзге түсіп жүрген әріптесі туралы мақала жазады.

4.Бір мектептен 20 мұғалімнен жоғары қатысқан жағдайда төлем құны 800 теңгеден болады;

5.Жұмысы жоғары бағаланған ұстаздар  (1,2,3 дәрежелі) дипломмен және арнайы жүлделермен марапатталып, қатысқандығын растайтын сертификатқа ие болады.

Қабылдау мерзімі:  13-30 қазан аралығы. Қорытынды 7-10 қараша аралығында сайтымыздың нәтиже айдарында жарияланады. Үздік деп танылған жұмыстар сайтқа әділқазы мүшелерінің алғыс сөзімен жарияланады.

Байқау барысындағы   толық мәліметті «Onege.kz» сайтынан біле аласыздар.

 

Байқауға қатысу үшін:

Оқушылар: 450 (төрт жүз елу) теңге әр номинация бойынша;

Мұғалімдер:  1000 (бір мың) теңге әр номинация бойынша төлемақы төленеді.

Бір сыныптан 20 оқушыдан жоғары қатысқан жағдайда 400 теңгеден; бір мектептен 50 оқушыдан жоғары қатысқан жағдайда 350 теңгеден;

Төлемақы Халық Банк  картасына немесе  Киви кошелекке  және Билайн байланыс операторына төлем жасау арқылы жүргізіледі:


Біздің реквизиттер: 

Halyk Bank: 43 90 87 82 04 77 89 70

Казпочта счет номері:  KZ56563N350000062444

ИИН: 840102401172

 QIWI - кошелек: +77053752323

Beeline мобильдік операторына төлем жасау:  +77053752323

Анықтама телефондары: +77053752323; +77078245504

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 09:00-19:00

Демалыс: сенбі-жексенбі

 Толық ақпарат www.onege.kz  сайтында

Просмотров: 1431

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст