"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"ҰЛЫ ЖЕҢІС" балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық конкурс»

22.04.2020

«ҰЛЫ ЖЕҢІС»

Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы

патриоттық онлайн өнер байқауының ережесі

 

«Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы  Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толуына орай,  «Ұлы жеңіс» атты Республикалық  патриоттық онлайн өнер байқауын ұйымдастырады.  Байқау 2020 жылы  22-ші сәуір мен 12-ші мамыр айы аралығында өтеді.

СЫЙЛЫҚТАР

Бас жүлдеге – диплом, медаль және қазақ ақын-жазушыларының  жыр жинағынан кітап беріледі.

Орын алғандарға –  диплом және медаль беріледі.

Жетекші - ұстаздарға «Үздік ұстаз» атауымен диплом беріледі.

Дипломға онлайн деп жазылмайды.   Әділқазылар шешімімен әр жанрдан үздік деп танылған бір жұмыс «Мөлдір бұлақ» балалар журналына жарияланады

 

ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ

5 – 7 жас – бүлдіршін топ, 8 - 10  жас – кіші топ, 11 - 13 жас – орта топ,

14 - 16 жас  – жасөспірім топ, 17 - 20  жас – жоғарғы топ.

 

БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ

«Вокал»,   «Көркем сөз»,   «Мүшәйра»,  «Шығарма»,   «Дәстүрлі ән»,   «Аспапта ойнау», «Хореография», «Бейнелеу өнері»,   «Қолөнері»  жанрлары

 

                                «АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР»

«Қаһарман Бауыржан»,  «Қазақтың Қасымы» «Майдангер жазушы»

 

«ВОКАЛ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта (туған жер,Отан, атамекен сияқты)  бір әнді жанды дауыста орындайды. (орыс тіліндегі әнді орындауға болады) Әнді арнайы аранжировканың сүйемелдеуімен  немесе акапелла түрінде орындап, оны видеоға түсіріп жіберу қажет. Видеоның  жады көп болмаған жөн. (памяты) (Дуэт,трио,квартет,квинтет және хор ұжымы қатыса алады)

«КӨРКЕМ СӨЗ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан Соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта (туған жер,Отан,атамекен сияқты)   кез келген автордың бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, оны видеоға түсіріп жіберуі қажет. Уақыты – 2 минуттан аспау шарт. Видеоның  жады көп болмаған жөн. (памяты)

«МҮШӘЙРА» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта (туған жер,Отан,атамекен сияқты) өз жадынан өлең шығарып, оны  компьютерде теріп жіберу қажет. (МS Word программасымен)  Өлең шумақтары он шумақтан аспау керек.

«ШЫҒАРМА» (эссе) жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан Соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта (туған жер,Отан,атамекен сияқты)   екі беттік шығарма (эссе) жазып жіберуі қажет. Шығарманы компьютерде теріп жазу керек. (МS Word программасымен).

«ДӘСТҮРЛІ ӘН» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан соғысы, патриоттық тақырыпта немесе еркін тақырыпта кез келген халық әнін, халық композиторларының әнінен немесе қазақ термелерінен бір әнді домбыраның сүйемелдеуімен орындау шарт. Әнді видеоға түсіріп жіберу шарт. Уақыты – 2 минуттан аспау керек. Видеоның  жады көп болмаған жөн. (памяты)

 

«АСПАПТА ОЙНАУ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан Соғысы, патриоттық тақырыпта немесе еркін тақырыпта  кез келген аспапта музыкалық бір шығарманы орындап, оны видеоға түсіріп жіберу қажет. Видеоның  жады көп болмаған жөн. (памяты)

«ХОРЕОГРАФИЯ» жанры бойынша қатысушы (топ) еркін тақырыпта бір би билеп, оны видеоға түсіріп жіберу қажет.

«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан Соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта (туған жер,Отан,атамекен сияқты) бір сурет салып, оны фотоға анық етіп түсіріп жіберу қажет. Суреттің форматына шектеу жоқ.   Фотоны MS Word программасына салып жіберуге болмайды!!

«ҚОЛӨНЕРІ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан Соғысы, патриоттық тақырыпта немесе еркін тақырыпта  өз қолымен жасаған бір бұйымын (жұмысын)  фотоға түсіріп, жіберу керек. Фото сапалы болуы шарт. Фотоны MS Word программасына салып жіберуге болмайды!!

«АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР»

«ҚАҺАРМАН БАУЫРЖАН» номинациясы бойынша қатысушы төменде  көрсетілген кез келген бір жанрға қатыса алады: 

«Шығарма»- Б.Момышұлы туралы екі беттік шығарма.

 «Мүшәйра» - Б.Момышұлы туралы өз жадынан бір өлең жазу керек.

«Көркем сөз» - Момышұлының бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқу керек.

 «Бейнелеу өнері»-Б.Момышұлының бір портретін салу керек.

 «Қолөнері» - Б.Момышұлының бейнесін қолөнер бұйымдарымен жасау.

 «Вокал» - Б.Момышұлының сөзіне жазылған ән, немесе батырға арналған бір әнді жанды дауыста орындау керек.

 «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСЫМЫ» номинациясы бойынша қатысушы төменде  көрсетілген кез келген бір жанрға қатыса алады: 

«Шығарма»- Қ.Қайсенов туралы екі беттік шығарма.

«Мүшәйра»- Қ.Қайсенов туралы өз жадынан бір өлең жазу керек

  «Көркем сөз» - Қ.Қайсенов жайында өзге ақындардың өлеңінен бір өлең жатқа оқу.

  «Бейнелеу өнері»- Қ.Қайсеновтың бір портретін салу керек.

«Қолөнері» - Қ.Қайсеновтың бейнесін қолөнер бұйымдарымен жасау.

 «МАЙДАНГЕР ЖАЗУШЫ» номинациясы бойынша қатысушы төменде  көрсетілген кез келген бір жанрға қатыса алады: 

 «Шығарма»- майдангер кез келген ақын-жазушы  туралы екі беттік шығарма.

«Мүшәйра»- майдангер кез келген ақын-жазушы туралы жадынан өлең жазу қажет.

«Көркем сөз» - майдангер кез келген ақын-жазушының бір өлеңін жатқа оқу.

«Бейнелеу өнері»- майдангер кез келген ақын-жазушының портретін салу.

«Қолөнері»- майдангер кез келген ақын-жазушының бейнесін қолөнер бұйымдарымен  жасау қажет.

«Вокал»- майдангер кез келген ақын-жазушының өлеңіне жазылған немесе сол авторға арналған әнді жанды дауыста орындау шарт.

ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ.

«Бөбек» ҰҒПББСО Ақпараттық ресурстар бөлімінің редакторы, Қазақстан  Жазушылар Одағының мүшесі, ақын – Ерғали Бақаш.

Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы, педагог-вокалист, музыкант – Ибрагимов Дархан.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің магистрі, суретші – Самат Тәңірбергенұлы.

Алматы қалалық Оқушылар сарайының «Көркем сөз» бірлестігінің жетекшісі, педагог-ұйымдастырушы – Сандуғаш Рыскелді.

 

ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫ

Жеке қатысушыға –3000 теңге. Бір мектептен 10 оқушыдан көп болса  - 2000 теңгеден.

 

КАSPI БАНК (ГОЛД) картасы -  5169 4971 5252 2599.  (010323500348 ИИН нөміріне тіркелген,  Нұрқанат Тәңірбергенұлы деп шығады)

ХАЛЫҚ БАНК cчет нөмірі - KZ866010002009077522.  (ИИН нөмірі – 900617302247 Самат Рыскелдиев деп шығады)

КАЗПОЧТА счет нөмірі –KZ96563041PN00783986 (ИИН нөмірі -870624301576 Айнакулов Жамбул деп шығады) Казпочтаның кассасынан төлесеңіз болады.

 

Төлемдер мамыр айының 12-не дейін қабылданады. Төлем жасалған чекті фотоға түсіріп немесе скрин жасап қатысушының жұмысын, және өтініш толтырып барлығын   бірге altyngasyr.ortalygy@mail.ru  электронды  почтасына  немесе 8 700 340 80 01 ватсап нөміріне жіберу  жіберу шарт.

 

ӨТЕТІН УАҚЫТЫ

Өтініштер 2020 жылы 22-ші сәуір  мен 12-ші мамыр аралығында altyngasyr.ortalygy@mail.ru  электронды почтасына немесе 8 700 340 80 01 ватсап нөміріне  қабылданады. Чекті,өтінішті және жұмыстарды барлығын бірге жіберу қажет. Бөлек-бөлек салмаңыз! Не почтаға не ватсапқа ғана жіберіңіз, екі жаққа бірдей салмаңыз.

14-ші мамыр күні әділқазылар алқасы барлық қатысушылардың өнерін бағалап, орындарын белгілейді. Орындар жазылған тізім @altyn_gasyr_konkurs  инстаграм парақшасында жарияланады.

15-16-шы мамыр күндері барлық қатысушылардың жүлделі сыйлықтары мен диплом-медальдары Казпочта арқылы жөнелтіледі. Облыстарға хаттар 4-10  жұмыс күнде жетеді. Мекен-жайыңыз бен индексті мұқият қатесіз жазған абзал,  сонда  диплом мен сыйлықтар ертерек  адаспай  Қазпочтамен  жетеді.

 

БАЙЛАНЫС

+7 747 591 1097,  +7 700 340 80 01 ватсап,  8702 173 82 56

altyngasyr.ortalygy@mail.ru 

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст