"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ «Оқытудағы инновациялық әдістемелер мен технологиялар» педагогтар мен тәрбиешілерге арналған республикалық конкурсы

26.03.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Оқытудағы инновациялық әдістемелер мен технологиялар»

педагогтар мен тәрбиешілерге арналған республикалық конкурсы

1.Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:педагогтардың құзыреттілің деңгейін тексеру, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру; білім беру – тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру; озық педагог тәжірибесін анықтау және тарату; заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату; шығармашылық жұмыс істейтін педагогтарды қолдау.

2.Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі

Конкурстық бағдарламада ұсынылған барлық жұмыстар конкурс тақырыбына сай болуы тиіс. Конкурс қатысушылары: Конкурсқа қатысу үшін педагогтар білім беру мекемелерінің (балабақшалар, мектептер, балалар үйі) тәрбиеленушілерімен, қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілерімен, барлық типтегі МБМ тәрбиешілері, қосымша білім беру педагогтары, мектептердің педагогтары, ООО педагогтары, конкурсқа қатысуға ниеттілер. Конкурсқа кез келген әзірлемелер қабылданады: сабақтар мен ойын-сауық конспектілері, ТБҚ, сабақтар, семинарлар, класстан тыс шаралар, педкеңестер, класс сағаттары, жиналыстар, жоспарлар, эссе, ойындар, ұсыныстар және т.б.

3. Конкурс материалдарын бағалау критерийлері

1. Инновациялық білім беру технологияларын сапалы сипаттау.

2. Инновациялық білім беру технологияларын пайдалану арқылы педагогтар шешетін мәселелер өзекті болып табылады.

3. Инновациялық білім беру технологиясын таңдау негізділігі.

4. Әзірлеме авторы заманауи ғылыми тұжырымдарға сүйенеді, инновациялық отандық және шетелдік тәжірибені пайдаланады.

5. Инновациялық білім беру технологиясын пайдаланып, жұмыс нәтижелілігі талданды.

4.Конкурс өткізу мерзімдері:

2020 ж. наурыз-cәуір айы, жұмыстар 2020 жылдың 25 сәуірге дейін тапсырылады.

5.Өтінімдер беру

Конкурс қатысушылары өз жұмыстарын электронды түрде ұйымдастыру жарнасының скан-суретімен бірге «Республикалық конкурс» белгісімен Email: astanaumc@mail.ru электронды поштасына жолдайды.

6. Ұйымдастырушы: Астана қ. Астаналық оқу-әдістемелік орталығы

7.Ұйымдастыру жарнасы

Бір қатысушы үшін ұйымдастыру жарнасы 2000  теңгені құрайды. Ұйымдастыру жарнасын қатысушы есепшотқа аударады. Банк реквизиттері: «Астаналық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС, «KASPI BANK» АҚ, БСН 180940021664, шот № KZ 95722S000001565070,БСК CASPKZKA,КБЕ 17, KASPI GOLD 5169 4931 5002 9851, төлем тағайындамасының коды 861

9.Наградалар

Барлық қатысушылар қатысушының электронды сертификатын алады.

Қазылардың шешімі бойынша жеңімпаздар Конкурс дипломымен марапатталады

Қазылар шешімі соңғы шешім болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 725


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст