"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №6 имени Абая Кунанбаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос жұмыс орны ШГ№6

22.08.2022
«Ақмола облысы Білім басқармасының  Степногорск қаласы бойынша Білім бөлімі Степногорск қаласы КММ «Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы»
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 22.11.2021 №432  және 19.11.2021 №568 ҚР Білім жәнеи ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындау үшін
 
Келесі мамандықтар бойынша педагогтердің бос лауазымына конкурс қайта жариялансын:
- бастауыш сынып мұғалімі - 2 ставка
- математика пәнінің мұғалімі – 1 ставке
- музыка пәнінің мұғалімі – 1 ставке
- география пәнінің мұғалімі – 0,5 ставка
- физика пәнінің мұғалімі – 1 ставке
- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 1 ставке
- химия пәнінің мұғалімі – 0,5 ставка
- қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі — 1ставке
 
Мұғалімнің  лауазымдық міндеттері:
Өз пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру.Оқушылардың бойында жалпы мәдениетті қалыптастыру және жеке мүмкіндіктерін ашу және қалыптастыру. Сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Күнтізбелік және қысқа мерзімді жоспар құру. Білім беру процесінде инновациялық, жаңашыл технологияларды енгізу. Оқушылардың бойында жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген ең төменгі мөлшерден жоғары, білім, білік, дағдыларды қалыптастыру.  Әдістемелік бірлестік жұмыстарына қатысу. Өзінің біліктілігін жүйелі түрде жетілдіріп отыру. Білім беру процесінде білім алушылардың өмірін және денсаулығын қорғауды қамтамассыз ету. Білім алушылардың ата-аналарымен немесе асыраушыларымен қарым-қатынаста болу. Мектеп мүлкінің қауіпсіздігін қамтамассыз ету. Әрқашан есеп беру қызметіне дайын болу және қамтамассыз ету.
Кандидат білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек Кодексі, ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексі, Білім туралы заңы, «ҚР Тіл туралы заңы», «Бала құқығы туралы заң», «Арнайы әлеуметтік қызмет заңы» және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білуі қажет.
Конкурстың өткізілу уақыты:
1.     2022 жылдың 22-23тамыз аралығы – интернет желілерінде хабарландыруды жариялау;
2.     2022 жылдың 23-29 тамыз аралығы  - құжаттарды қабылдау;
3.     2022 жылдың 31 тамыз аралығы -  бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес кандидаттардың құжаттарын тексеру және қорытынды шығару.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды  қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде келесі мекен-жай бойынша жолдайды: 021500, Ақмола облысы, Степногорск қ., 5 шағынаудан, 1 ғимарат. E-mail: step_school6@bk.ru. 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1.     осы қағидаларға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.     жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
3.     толтырылған жеке іс –парағы;
4.     білім туралы құжаттарының көшірмесі;
5.     еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
6.     денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7.     психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.     наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.     Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Ескерту! Нақты Ереженің 107 пунктіне сәйкес  бір құжаттың жетіспеуі жағдайында, барлық құжаттар кандидатқа қайтарылады.
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап, 5 жұмыс күні аралығында педагогтердің бекітілген Типтік біліктілік талаптарына сай,  кандидаттардың құжаттарын тексереді. Конкурстық комиссия кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырады. Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қарайды.
Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өтті деп есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымға тағайындалуға ұсынылады.
Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда, конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.
Конкурс нәтижесі білім беру ұйымының сайтында жарияланады: Sc0006.stepnogorsk.akmoedu.kz/
 
 
Просмотров: 287


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст