Касенова Г.К. – 9 «В» сынып оқушыларымен «Абайдың 175 жылдығы: өмірбаяны, өлеңдері, әндері, қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында ұлы ойшыл, ғұлама ақынның өскен және білім алған жерлері туралы айтыла отырып, ақынның отбасы туралы мәліметтерін толықтыра түсті. Ақынның артында қалдырған мұрасы, поэзиясы туралы сөз қозғалғанда оқушылар бірнеше тілде ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Абайдың табиғат лирикасына тоқталмай кету мүмкін емес. Сонымен қатар Абай атамыздың жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдеріне де кезек берілді. Жүргізуші соңғы сөзін:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады деп аяқтады.