Степногорск қаласының білім бөлімінің" Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы " мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Школа – гимназия № 6 имени Абая Кунанбаева» отдела образования города Степногорск

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халықтарының онкүндігі аясындағы сабақтар

19.09.2019

Қазақстан халықтары онкүндігі аясында Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп – гимназиясының ұстазы Бекишева Г.К. 7 «В» сыныбында «Абай –дана, Абай – дара» саяхат сабағын өткізді. Оқушылар екі топқа бөлініп «Балалық шақ», «Ғылым», «Өлең», «Аудармашы», «Табиғат», «Жұмбақтар», «Өзіңе сен» бекеттеріндегі тапсырмаларды орындады. Топ мүшелері «Балалық шақ» бекетінде Абайдың балалық шағы, білім алған ортасы туралы тапсырмаларды орындады. «Өлең» бекетінде ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқып берді. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін орыс ақыны Ю. Кузнецовтің аудармасынан үзіндіні оқып, екі өлеңді салыстырды. Топ мүшелері «Ғылым» бекетінде бес асыл іспен бес дұшпанды анықтады. Балалардың «Жұмбақтар» бекетіндегі Абайдың екі томдық шығармалар жинағына енген «Қара жер адамзатқа болған мекен» жұмбағының шешуі қызығушылығын арттырды. Топ мүшелері әр бекеттегі тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындап, өз жұмыстарын қорғау кезінде белсенділік танытты. 

                      

Просмотров: 446


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст