11.04.2019 ж. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Степногорск қалалық оқыту - әдістемелік орталығы» ұжымының ұйымдастыруы бойынша мұғалімдер арасында жоспарланған қалалық «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атты сайысы өтті.
Бұл іс – шараның басты мақсаты:
Байқау кезеңдері:
1-ші кезең – « Шеберлік» -таңдап алған тақырыбы бойынша 5 минут ішінде сабақтан үзінді көрсету. Мақсаты: оқытушылардың біліктілігі мен тапқырлық шеберліктеріне назар аударылды.
2-ші кезең – «Таным» - 2 минутта берілген сөйлемдерді латын графикасында жазу.
3-ші кезең – «Шешендік» - кез – келген таңдалған тақырыбын сипаттау. Мақсаты: оқытушылардың сөйлеу шеберлігі, тіл тазалығы мен көркемділігіне мән берілді.
4- ші кезең «Көзқарас» - әлеуметтік желілерде тілді дамыту, латын әліпбиі жөнінде жарияланымдар жасау.
Барлық кезеңдер өз деңгейінде өтті. Оқытушылар жарысқа жауапкершілікпен дайындалып, ат салыса білді.
Сайыс соңында әділ-қазылар алқасының төрағасы Қайырым Қабар сайысты қорытындылап, сыйлықтар сыйлады.
«Игі істің басы – тіл, тәрбие басы –тіл» дейтін болсақ, шынында да оқу орындарында мұндай игі шаралардың өтуі аса маңызды.