Наурыз мейрамы
Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. "Наурыз" сөзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген мағынаны береді. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты. Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ СР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді.
Біздің Абай Құнанбаев атындағы № 6 гимназия мектебінің мұғалімдері мен оқушылары Наурыз мерекесімен қуанышпен қарсы алды. Наурыз мейрамы күніне арналған іс-шаралар мектепті безендіруден басталды. Оқушыларға мерекелік іс-шара арқылы халқымыздың салт – дәстүрін, әдет-ғұрпын көрсету, таныстыру болды. Оқушылар барлық іс-шараларға белсене қатысты. Әр түрлі ойындар жүргізілді, би билеп, өлең, әндер айтылды.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Токенова Маржан Жунусовна