10.03.2022 жылы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында оқыту мемлекеттік тілде жүргізілетін сыныптарда қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинары өтті. Семинардың тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану». Семинардың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының әртүрлі кезеңдерінде белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Шайрестанова Гульжан Толешевна қазақ әдебиетінен 8-сыныпта «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы менің пікірім», Касенова Гульжамал Кенесовна 7-сыныпта ««Дұрыс тамақтанудың басы - тазалық», Зархум Ақтоты «Ахмет – ұлттың ұлы ұстазы» атты сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Аталған іс-шарада жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың білімін ынталандыру мәселелері және заманауи сабақтың құрылымы туралы ой бөлісіп, тәжірибе алмасты. Сабақтар жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз!