"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №6 имени Абая Кунанбаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылдың 21 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бас ғимаратында Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық Білім академиясының ұйымдастыруымен "Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас" атты республикалық съезі өтті.

24.12.2021

Аталған съезге еліміздің әр өңірінің аудандарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінен құралған делегаттар қатысты. Ақмола облысы делегация құрамында Степногорск қаласынан #6 мектеп-гимназисының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шайрестанова Гульжан Толешевна қатысты. Съезде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің өзекті мәселелері қозғалды. Оқулық пен оқыту барысындағы олқылықтар, оқыту теориясы мен әдістемесі туралы мәселелер қозғалды. Съезд 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім фасилитация алаңында қазақ тілі мен әдебиеті мамандары "Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі", "Қазақ әліпбиі, ереже, емле мәселері", "Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқулықтары сапасы", "Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту ерекшеліктері" тақырыптарында оқыған баяндамаларында өзекті мәселелер қозғалды.
Бейсембаев Ғанм Бектайұлы қатысушылармен психологиялық тренинг жүргізді.
Түстен кейін съездің 2-бөлігінде болған пленарлық отырысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Қ. Аймағамбетов ашты. Баяндамашылардың сөзінен кейін мұғалім-практиктердің көзқарастары тыңдалды. Білім және ғылым министрі мұғалімдер пікірлерін түртіп алып, оқулықтар мен әдістемелерге және бағдарламаларға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенлігін жеткізді. Ұлттық тіл мен әдебиеттің проблемаларын шешудің тиімді жолдары мен жаңа көзқарастары қызу талқыға түсті. Ұлы философ Абай Құнанбайұлының "Толық адам" концепциясын іске асыру жолдарының көздерін қарастыруды ұсынды. Жалпы, пәннің барлық мәселелері, кемшіліктері мен жетістіктері, оқулыққа енгізілуі тиіс - грамматика алдағы уақытта қайта қарастырылатыны съезге қатысушыларды қуантты. А. Қ.Аймағамбетов мырза съезд дәстүрлі түрде жыл сайын болатындығын айтып өтті. Бүгінгі жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің алғысы шексіз!

Просмотров: 418


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст