БІЛІМ КҮНІ – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАРҚЫН БАСТАУЫ!
01.09.2026
1 қыркүйек – Білім күніне орай *Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында* 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған педагогтер, ата-аналар және 1-сынып пен 11-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында *«Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»* тақырыбына ерекше мән берілді. Жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту және азаматтық жауапкершілігін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
✨ *1-сынып оқушылары үшін* бұл күн – білім әлеміне бастар алғашқы қадам.
🎓 *11-сынып оқушылары үшін* – мектеп қабырғасындағы соңғы оқу жылының бастауы, болашаққа бастар маңызды кезең.
Жаңа оқу жылы барша шәкірттерімізге *сапалы білім, биік мақсат, жарқын жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер* әкелсін!
**Білімге ұмтылыс – елге қызмет етудің бастауы!
Білімді ұрпақ – Қазақстанның жарқын болашағы! 🇰🇿📚

Просмотров: 312