Степногорск қаласының білім бөлімінің" Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы " мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Школа – гимназия № 6 имени Абая Кунанбаева» отдела образования города Степногорск

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылғы 21 қарашада Степногорск қаласы білім бөлімінің қарамағындағы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында «Әдістемелік көпір» қалалық іс-шарасының бірінші бөлігі өтті.

25.11.2025

2025 жылғы 21 қарашада Степногорск қаласы білім бөлімінің қарамағындағы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында «Әдістемелік көпір» қалалық іс-шарасының бірінші бөлігі өтті.
Іс-шара аясында қала аттестациялық комиссиясының мүшелеріне зерттеуші-педагогтар ашық сабақтар өткізді.
Барлық сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, мектебіміздің педагогтарының кәсіби шеберлігін көрсетті.
«Кибербуллинг» тақырыбындағы ғаламдық құзыреттер сабағы — Гоголева Анжела Ивановна, педагог-зерттеуші
«Халық жады» тақырыбындағы музыка сабағы — Батанина Ирина Юрьевна, педагог-зерттеуші
«Өру өнері. Өру түрлері: фольгадан өру» тақырыбындағы көркем еңбек сабағы — Кондратова Елена Михайловна, педагог-зерттеуші
«Газдардың салыстырмалы тығыздығы» тақырыбындағы химия сабағы — Буллаев Асанали Серікұлы, педагог-модератор
Степногорск қаласының білім беру кеңістігін дамытуға қосқан шеберлігі, шығармашылығы және еңбегі үшін ұстаздарымызға алғыс білдіреміз!

 

Просмотров: 542


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст