"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №6 имени Абая Кунанбаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Бейнеролик

Бейнеролик

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ

ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНА

ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

Әскери институт жоғары білім беру бағдарламасын оқытуды 4 жыл мерзімінде жүзеге асырады.
Оқу мерзімі бойы курсанттар үш мезгілді тегін тамақтанумен, ақшалай үлес, киім-кешек жабдығымен, қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етіледі. Жылсайын емтихан мен сынақтарды сәтті тапсырған курсанттар мен тындаушыларға (жазда 30 тәулікке және қыста 14 тәулікке) каникулдық демалыс беріледі. Жазғы кезекті демалысқа барып келу жолақысы тегін. Демалыс және мереке күндері Әскери институттың жатын жайынан сейілдеме кесте бойынша беріледі.
Әскери институтқа оқуға түскендермен, курсанттар тізіміне енгізген соң, оқу мерзімі және әскери қызметті өтеу туралы әскери оқу мекемесін аяқтағаннан кейін күнтізбелік есепте он жылға келісімшарт жасалады.
Әскери институт түлектеріне “лейтенант” әскери атағы беріледі, білім беру бағдарламасына сәйкес әскери іс және ұлттық қауіпсіздік бакалавры академиялық дәрежесі, жоғары әскери оқу орнына яқтағаны туралы диплом және белгілі үлгідегі кеуде белгісі табыс етіледі. Әскери институттың түлектері әрі қарай қызметті өтеу үшін Қазақстан Республиқасының облыс орталықтары мен қалаларында орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне және Қазақстан Республикасының басқа да әскери құрылымдарына жіберілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтты мынадай мамандықтар бойынша Ұлттық ұланның офицерлерін дайындайды:
1) Ұлттық ұланға тактикалық басшылық;
2) Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарға тактикалық басшылық;
3) Әскелерді инжинерлік-техникалық қамтамасыз етуге тактикалық басшылық;
4) Әскерді ракета-артиллериялық қамтамасыз етуге тактикалық басшылық;
5) Ұлттық ұланды автомобильдік қамтамасыз етуге тактикалық басшылық;
6) Ұлттық ұланды тылмен қамтамасыз етуге тактикалық басшылық;
7) Әскердің команда тактикалық байланысы.
Әскери институтқа оқуға түсуге:
1) əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма екі жастан аспаған азаматтардың;
2) əскери қызмет өткерген азаматтардың жəне мерзiмдi əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;
3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісiмшарт бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшiлердің құқығы бар.
Әскери институтқа азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің әскери, арнайы оқу мекемесі оқуға қабылдау Ережесіне, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен бекітілген жоғары білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінде 2016 жылғы 24 ақпандағы № 13199).
Әскери институтқа түсуге қалауы барлар азаматтық жастар санатынан тұратын тұлғалар өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімдеріне өтініш жазады, өтінішінде тегі, аты, жөні, (бар болған жағдайда) туған жылы, білімі, әскери оқу мекемесінің атау және қандай мамандық бойынша білім алғысы келетінін жазуы тиіс.
ҚР ІІМ ЖОО түсу үшін үміткерлер ұсынатын құжаттардың тізімі:
1.(Ұлттық ұланы мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының атына) өтініш;
2. Жеке куәлігінің, туу туралы куәлігі, әскери билет немесе шақырылым учаскісіне тіркелу туралы куәлігі, үміткердің білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
3. Үлгерім табелі немесе сынақ кітапшасының (білім беру ұйымдарында оқитындар үшін);
4. Анкеталық мәліметтер – 2 дана;
5. Өмірбаян (басылған және қолмен жазылған) – 2 дана;
6. Оқу орнынан мінездеме (қызмет, жұмыс орны).
7. Тұрғылықты мекенжай анықтамасы.
8. Мүлік және жеке кіріс салығы бойынша декларация қабылдау туралы анықтамасы.
9. сотталмаған немесе бары туралы анықтамасы.
10. Жеке куәліктерінің көшірмелері жақын туыстарының туу туралы куәліктері (ата-анасы, асырап алушы, жақын туған және тумаған ағалары мен әпкелері).
11. 3*4 фоторгафиясы – 6 шт.
12. (кәмелет жасқа толмаған үміткерлер үшін) әскери қызметті келісімшарт жасауға заңды өкілінің келісімі нотариалды куәләндіру.
Білімі туралы, туу туралы куәлігі, жеке куәлігі (паспорт), әскери билет (тіркелу куәлігі), ЖИН түпнұсқалары, жиынтық тесті тапсыру нәтижесінің сертификаты (БҰТ) сол секілді жеңілдіктерге құқығы барлар, Әскери институтқа келу бойынша ұсынады.
Оқуға түстетін үміткерлердің оқу ісітері оқуға түсетін жылы 10 шілдеден кешіктірмей Әскери институттың қабылдау комиссиясына келіп түсуі қажет.
Оқу ісінде міндетті түрде болуы тиіс: арнайы тексеррнайы тексеріс материалдары (туыстарына сотталуы туралы ТБ және ШҚБ белгісі талаптары үміткерлерге Бас прокуратурасы СЕ ШБҚ белгісімен сұранысымен) және әскери тергеу комиссиясының қорытындысымен медициналық куәләндіру картасы (ӘДК).
Үміткерлер оның оқу ісін қалыптастыруды жүзеге асыратын кадрлық органдардың жазбаша ескерту хаты бойынша конкурстық іріктеуден өту үшін оқу үшін келеді. Әскери институтқа түсу үшін келетін үміткерлерді тегін үш мезгіл тамақ және жатаханамен қамтамасыз етіледі.
Өздерімен бірге үміткерлерде жеке заттары, спорттық киімі, аяқ-киімдері болуы тиіс.
Әскери оқу мекемесіне қабылдау конкурстық негізінде 4 кезеңде жүзеге асырылады:
1 кезең – үміткерлерді толық медициналық куәләндіру ӘТС Ережесіне сәйкес оқуға;
2 кезең – кәсіби және психологиялық іріктеу;
3 кезең – физикалық көрсеткіштері бойынша іріктеу;
4 кезең – конкурстық іріктеу және әскери оқу мекемесіне қабылдану.
ҰБТ келесі білім беру пәндері бойынша өткізіледі:
1 блок – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқыған тілінде);
2 блок – екі профильді пән бойынша, оны үміткер өз еркімен таңдайды (математика — физика, математика – география, тарих – география, тарих – адам, қоғам, құқық, шет тілі — тарих).
ҰБТ нәтижесі бойынша 50 балдан кем алса немесе қандай бір пәннен 5 балдан төмен алса, үміткер конкурсқа қатыстырылмайды.
Әскери институттың курсанттарының санатынан үміткерлерді қабылдау ЖОО қабылдау комиссиясы конкурстық негізінде оның рейтингісіне сәйкес, ҰБТ балдарын қосқанда жиынтығы және физикалық даярлығы бойынша орташа балымен есептеледі.
Конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда қабылдануға төмендегі санаттағылар қабылдануға құқығы бар:
1. Жетім балалар және ата-ана қорғауысыз қалған балалар;
2. Әскери дайындық бойынша қосымша бағдарлама бойынша білім алу
ұйымның түлегі;
3. Қаза болған әскери қызметін өтеу кезінде үс-түссіз жоғалып кеткен, қаза
болған немесе әскери қызметін өтеу кезінде мүгедектік алған әскери қызметшінің балалары;
4. «Алтын белгі» белгісімен награталған тұлғалар;
5. Халықаралық олимпиада және конкурстардың жеңімпаздары.
Әскери институт мына мекенжай бойынша орналасқан:
150009, Солтүстіқ-Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Жалел Кизатов көшесi, 6 үй. «Әскери институт» аялдамасына дейiн темiржол вокзалынан №№ 4Т, 25, 27 автобустармен, №5М маршруттық таксимен, ал қала орталығынан №№ 4А, 8, 11 автобустармен жетуге болады.

e-mail: info@vivv.kz.

Жаңартылған күні: 25.05.2020 14:48
Құрылған күні: 26.05.2020 11:47

Текст