"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы" КММ келесі бос педагог лауазымдарына конкурс жариялайды:
1. Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі – 0,5 штаттық бірлігі
2. Психолог – 1 штаттық бірлігі
3. Әлеуметтік педагог – 1 штаттық бірлігі
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларына» сәйкес өткізіледі.
Конкурстың өткізілу мерзімі мен орны:
"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы" КММ (Степногорск қ., 5-шағынаудан, 1-ғимарат) конкурс жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға құжаттар қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға осы Қағидалардың 113 және 114-тармақтарына сәйкес құжаттарды хабарландыруда көрсетілген мерзімде электрондық немесе қағаз түрінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны:
Ағымдағы бос лауазымдарды толтыру үшін құжаттарды қабылдауды
"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы" КММ лауазымдарға орналасу үшін құжаттарды 2026 жылғы 09 қаңтардан 2026 жылғы 20 қаңтарға дейін келесі мекенжай бойынша қабылдайды: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 5-шағынаудан, 1-ғимарат.
Байланыс үшін электрондық пошта: shgimnazia6@yandex.kz
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде осы Қағидалардың 113, 114-тармақшаларына сәйкес құжаттарды НОБД платформасы арқылы электрондық форматта жолдайды.