"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» республикалық балалар бастамасын өткізу ұсынымдамалары

№ исх: 03-22/481   от: 23.01.2020

№ вх: 348/06-10   от: 24.01.2020

«Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» республикалық балалар бастамасын өткізу ұсынымдамалары

(айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық істер және табиғатқа қамқорлық жасауға бағытталған іс-шараларда балалардың қатысуын ұйымдастыру)

 

Өтетін мерзімі: 2020 жылғы қаңтар-мамыр

Іс-шараға қатысушылар: оқушылар, педагогтар, ата-аналар, қоғам қайраткерлері

Мақсаты – қоғамға риясыз қызмет етуді насихаттауға және идеяны таратуға қоғамның назарын аудару, айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық істер және табиғатқа қамқорлық жасауға балаларды уәждейтін іс-шараларды ұйымдастыру.

Міндеттері:

  • Балаларды айналасындағыларға мейірімді, қайырымды қатынасқа тәрбиелеу қажеттілігіне кең қоғамның назарын аударту;
  • Қазақстандық қоғамда мейірімділіктің және қоғамға риясыз қызмет етудің мәртебесін бекіту;
  • Балалардағы өзіне, айналасындағыларға деген жауапкершілік, бауырмалдылық және рақымдылық сезімдерін дамыту;
  • Балалардың игі істерге қатысуын және олардың жасына және мүмкіндігіне қарай қолдан келетін қайырымдылық істердің балалар тарапынан жасалуын қамтамасыз ету;
  • Балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін анықтау үшін қосымша мүмкіндіктерді ұсыну, оларды игі істерді ұйымдастыруға және өткізуге белсенді түрде тарту.

Бастаманы ұйымдастыруға қойылатын талаптар

  • Балалар акциясына қатысушыларға ақпараттық қолдау көрсету (ақпараттарды күн сайын республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, білім басқармалары мен білім беру ұйымдарының сайттарында, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Facebook әлеуметтік желісі парақшасындағы                        «Іс-шаралар» бөліміндегі «Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» бастамасы» атты парақшасында орналастыру);
  • Балалардың қатысуымен жасалған қайырымдылық істерді фото, бейне жазбамен сүйемелдеуді қамтамасыз ету және балалармен жасалған игі істер туралы оқиғаларды ай сайын ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жолдау.
  • :

Кіші мектеп жасындағы оқушылар (1-4 сыныптар).

Оларға әлеуметтік белсенділікті анықтау тәжірибесін жинақтауға, жеке және бірлескен істердің жасаудың негіздерін меңгеруге, өзіне және айналасындағыларға пайда әкелуді үйренуге, өзінің жеке әлсіз және мықты жақтары туралы алғашқы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әртүрлі қызмет түрлерінде ересектермен және біршама үлкен оқушылармен бірге тартылады.

Балақайлар егде және жалғыз басты адамдар туралы ойлаудан, ата-аналарына көмектесуден, автобуста үлкендерге орын беруден, үй жануарларына қамқор болудан және құсқа жем салатын астау жасаудан бастауларына болады.

Орта буындағы оқушылар (5-8 сыныптар).

Бастамада қатысатын орта буын оқушылар жақындарына, егде адамдарға қамқор болуы, аналарына, әкелеріне, әжелеріне, аталарына арнап акциялар мен фестивальдерді, концерттерді ұйымдастыруы, олар үшін қолдан бұйымдар әзірлеуі қажет. Көмекке мұқтаж құрдастарына ұжымдық көмекті ұйымдастыруы мүмкін.

Жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар)

Бастамада қатысатын жоғары сыныптар – бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қарттарға көмек көрсетуге бағытталған акцияларды ұйымдастыру. Іс-шараларда кішкентай оқушыларды қолдау және тарту. Әлеуметтік желілерде, мектеп газеттері мен журналдарда игі істерді насихаттау.

Бастаманы өткізу тәртібі:

  1. Айналасындағыларға көмек көрсету, табиғатты аялау мақсатында акциялар мен бастаманы ұйымдастыру.
  2. Адамдар мен қоршаған орта үшін қайырымды, қажетті істерді жасаған балалар туралы материалдар жинағын ұйымдастыру.
  3. Іс-шаралар туралы ақпараттарды күн сайын республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, білім басқармалары мен білім беру ұйымдарының сайттарында жариялау.
  4. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттарды фото және бейне материалдарымен күн сайын ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Facebook әлеуметтік желісі парақшасындағы «Іс-шаралар» бөліміндегі «Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» бастамасы» атты парақшасында орналастыру.
  5. Бастама шеңберінде іс-шаралар туралы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетін ай сайын ақпараттандыру.

 

Жаңартылған күні: 30.01.2020 13:31
Құрылған күні: 30.01.2020 13:31

Текст