Степногорск қаласының білім бөлімінің" Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясы " мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Школа – гимназия № 6 имени Абая Кунанбаева» отдела образования города Степногорск

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал ұрпақ» клубтары арасында байқау.

13 сәуір күні «Jana urpak Step» қоғамдық қоры «Адал ұрпақ» клубтары арасында
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында профилактикалық іс-шараларды өткізу қызметтері» тақырыбында байқау ұйымдастырды.
Аталған іс-шараның мақсаты – жас ұрпақ бойында адалдық, әділдік қағидаларын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін дамыту.
Мектебіміздің «Адал ұрпақ» клубының командасы байқауға белсенді қатысып, білім ордамыздың намысын лайықты қорғады. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық қабілеттерін және қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңыздылығын терең түсінетіндігін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша командамыз жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, ұйымшылдық, белсенділік және алға қойған мақсатқа деген ұмтылысын танытты.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст