Артикуляциялық жатығуларды үй жағдайында
қалай жасау керек?
Дыбыстарды дұрыс айту үшін ауыз қуыс мүшелері дұрыс дамыған болу керек. Оған тіл, ерін,жақ ,таңдай жатады. Бұл мүшелердің барлығы балалар да сөйлеу барысында біртіндеп дамиды . Барлық сөйлеу мүшелері бұлшық еттерден тұрады .Сондықтан әсіресе тіл мен ерін бұлшық еттері жақсы дамыған болу қажет. Ауыз қуыс мүшелердің жақсы дамуы үшін ,біз балаларға артикулляциялық жаттығуларды қолданамыз. Артикуляциялық жаттығулар балалардың дұрыс сөйлеуге,тілдерін жаттықтыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға,анық сөйлеуге көмегін тигізеді. Сондықтан жаттығуларды балалармен бала-бақшадағана емес ,үйде де жасатқан дұрыс.Балаларға күнде жаттығуларды 3-5 минуттан, 3-4 реттен , күніне 2-3 жаттығудан жасау керек.Жаттығуларды жасағанда бірінші күн ерінге ,екінші күн тілге алмастырып отырған қолайлы болады.
Артикуляциялық жаттығуларды орындықта отырып жасату тиімді.Отырғанда баланың дене мүшелері бос, арқасын түзу ұстап,қол- аяқтары бұлшық еттерін бос ұстау керек. Бала жаттығу жасағанда үлкендердің бет-әлпетін жақсы көріп отыру қажет,сондықтан біз оған қабырғаға ілінген айнаны немесе қолға ұстайтын (9х12 см) айнаны
қолданамыз. Қол айнаны қолданған жағдайда үлкен адам бет әлпетімен балаға қарама-қарсы қарап отыру керек.Сонда айнадан өз бетәлпетін жақсы көріп, бала жаттығуларды дұрыс орындай алад.
Артикуляциялық жатығуды жасағанда ең алдымен ауыз қуысының мүшелері қозғалысының шиеленісі қадағаланады. Біртіндеп ол шиеленіс жоғалады да,бала жаттығуларды емін-еркін жасай алады.
Балаларға жаттығуларды жасауға демеп, қолодап көмек көрсету керек.
Логопед мұғалім
Жапарова М.Д